10:44, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылордалық мұнай компаниясы қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 3 млн. 815 мың теңге көлемінде айыппұл төледі
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында орналасқан «СНПС Ай-Дан Мұнай» акционерлік қоғамының мұнайшылары «Сарыбұлақ» кен орнындағы перфорациялық жұмыстар кезінде аварияға жол берген еді.

Осы апат кезінде газ және мұнай атқыламасынан 18 сағатқа созылған өрт болды. Бұл 2861,96 текше метр газ бен 25,3 тонна қара алтынның өртенуіне апарып соқтырды.
Жоғарыда туындаған апатқа байланысты Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасы енгізген ұсыныс негізінде аталмыш қоғамға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормалар мен экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 3 млн. 815 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қоршаған ортаға ластаушы заттар тасталудан келген бұл залал мөлшері толығымен мемлекет пайдасына өндірілді.