Қызылордалық оқушылар «Қазақстан - менің отбасым - менің туған үйім» тақырыбы бойынша білім жарыстырды

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы №№12, 101 және №140 орта мектептердің 11 сынып оқушылары «Қазақстан - менің отбасым - менің туған үйім» тақырыбы бойынша бір аптадан артық уақыт бойы шығармалар байқауына қатысты.

Қызылордалық оқушылар «Қазақстан - менің отбасым - менің туған үйім» тақырыбы бойынша білім жарыстырды

Оны облыстық білім басқармасы мен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастырды. Осы сынақта үздік танылған 45 оқушының арасынан 3 шәкірт жүлделі орындарға, 4 оқушы алғыс хаттарға ие болды.