Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордалық он бес жасар мәнерлеп сырғанаушы Э.Тұрсынбаева ересектер арасында халықаралық турнирде топ жарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық он бес жасар Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол халықаралық Skate Canada Autumn Classic турнирінде ересектер арасында үздік деп танылды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордалық он бес жасар мәнерлеп сырғанаушы Э.Тұрсынбаева ересектер арасында халықаралық турнирде  топ жарды

Канаданың Барри қаласында өткен дүбірлі додада қысқа бағдарлама бойынша Элизабет екінші көрсеткіш көрсетсе, еркін бағдарлама кезінде бәрінен оқ бойы озық шығып турнир жеңімпазы атанды. Ол жарыс кезінде 179,72 балл жинады, бұл оның спорттық жолындағы ең жоғары көрсеткіші боп табылады.

Айта кетейік, Элизабет қазан айының 23-25 аралығында Америкада ересектер арасында өтетін Гран-при жарысында бақ сынайды. Бұл тартыста оның қарсыластары олимпиада чемпионы Юлия Липницкая және тағы басқа мықтылар болады деп күтілуде.