Кызылордалық полицейлер Ақтөбедегі лаңкестік жағдайда ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік шабуыл құрбандарын 9 маусым күні Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің жеке құрамы үнсіздікпен еске алды.

Кызылордалық полицейлер Ақтөбедегі лаңкестік  жағдайда ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды (ФОТО)

Жалпыұлттық аза тұту күні ОІІД-ның ғимаратында Мемлекеттік туы төменге түсірілді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылордалық полицейлер барлық Қазақстан халқымен бірге қайғыруда. Бұл біздің еліміз үшін үлкен трагедия»,- деді Қызылорда ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник Мылтықбай Пеисов.

ІІО барлық қызметкерлері және ардагерлер кеңесі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады.

«Бірде бір адам бей-жай қарап қалмауы тиіс. Елде бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін, біз бірігуіміз керек» - деп ойларын жеткізді тәртіп сақшылары.

«Барлық полиция қызметкерлері осы қайғылы оқиғаның құрбандарына қан тапсыруға қатысады»,- деп сөз сөйледі Қызылорда ОІІД-ның бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменов.

null null