Қызылордалық жастар Дельфийлік ойындардан жүлделі оралды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Кеше облыс әкімшілігінің баспасөз орталы­ғында Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарынан жүлделі оралған өнерпаздармен кездесу болып өтті.

Қызылордалық жастар Дельфийлік ойындардан жүлделі оралды

Үстіміздегі жылғы шілденің 12-16-сы ара­лығында Павлодар қаласында «Қазақстанның 6-шы ұлттық жастар Дельфийлік ойындары» өткізілген болатын.

Биылғы жылғы іріктеу кезеңіне әр облыстан он мен жиырма бес жас аралығында 2 мыңға тарта дарынды жас қатысып, олардың ішінен 400-ден астамы осы Дельфийлік ойындарға жолдама алған еді. Оған Сыр өңірінен 25 талапкер ірік­теліп, қатысып қайтты. Ойын нәтижесінде қатысу­шылар құралақан қалмай, өз шығармашы­лықтарын жақсы көрсете біліп, жүлделі орындар­мен оралды. «Академиялық ән салу» жанры бойынша Қазанғап атындағы Қызылорда музы­калық колледжінің 4- курс студенті, талантты жас Ербол Мұқанов алтын медаль иегері атанды. Осы оқу орнының 3-ші курс студенті Шаһризада Тыныштық күміс медаль еншіледі. Ал қызылордалық «Өнер» мектебінің «Балбұлақ» би ансамблі табыс қоржынына тағы бір алтын медальді са­ла келді. Сонымен қатар, «Халық аспаптары» жанрынан Ма­хаббат Төрахмет пен «Дәстүрлі ән салу» өнерінен Нұр­тілек Ахтаев лауреат атанды. Қалған қатысу­шыларға ұйым­дастырушылар тарапынан арнайы сертификат тапсырылды.

Кездесу барысында өз қуаныштарымен бөліскен жастар қауымы демеушілік қолдау көрсеткен облыстық ішкі саясат басқармасына ризашылықтарын білдірді.