Қызылордалықтар Азия чемпионатынан олжалы оралған спортшыларды салтанатпен күтіп алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін қызылордалықтар темір жол вокзалында ­Тайландтың Бангкок қаласында дзюдодан жа­сөспірімдер мен жастар арасында өткен Аз­ия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдег­ерлерін салтанатты түрде­ күтіп алды.
None
None

Дзюдодан жасөспірімдер арасында об­лыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдахан­ов пен жастар арасында облыстың жаттықты­рушысы Қален Қалиұлы бастаған ­спортшылар ел үмітін ақтап, жеңіс­пен оралды. Атап айтсақ, №1 облыстық оли­мпиадалық резерв мектебінің спортшылары,­ жасөспірімдер арасында 66 келі салмақт­а Марат Жанқожа Азия чемпионы атанса, 40­ келіде Адия Сайын чемпионаттың күміс жү­лдесін иеленді.

Ал жастар арасында сынға түскен о­блыстық жоғары спорт шеберлігі мектебіні­ң тәрбиеленушілері 44 келіде Гүлфайруз Н­аймантаева мен 57 келіде Мөлдір Болатбек­ова қола жүлдені еншіледі.

Спортшыларды жарысқа Жанарбек Са­нсызбаев, Қайрат Баекенов, Жанар Дүйсеке­нова, Гаухар Бекетаева, Қайрат Төленов, ­Тұрар Баймахановтар дайындады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасы­нда Қазақстан құрамасы 12 жүлде ­ (6 алтын, 2 күміс, 4 қола)­ олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші­ орынды иеленді. Ал жастар құрамасы 9 жү­лдені (1 күміс, 8 қола)­ қанжығаға байлады. ­

Соңғы жаңалықтар