Қызылорданың «Қайсары» Қазақстан Кубогы 1/8 финалының бірінші ойынында жеңіске жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы өз алаңында Алматының «Қайратымен» Қазақстан Кубогының 1/8 финалының бірінші ойынын өткізді.

          Қызылорданың «Қайсары» Қазақстан Кубогы 1/8 финалының бірінші ойынында жеңіске жетті

Ғ.Мұратбаев атындағы стадионда өткен ойын 2:0 есебімен қайсарлықтардың пайдасына шешілді. Алаң иелерінен жеңіс добын команда дебютанты Порхачев пен Молдақараев соқты.

Қарымта кездесу енді Алматы қаласында өтеді. Осы екі матчтың қорытындысы бойынша ¼ финалға шығатын команда анықталады.