Қызылорданың орталық мешітінде облыс әкімі атынан ауызашар берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылордадағы орталық «Ақмешіт» мешітінде ниет етіп, ораза тұтқан мұсылман жамағатына облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың атынан ауызашар берілді.

Қызылорданың орталық мешітінде облыс әкімі атынан ауызашар берілді

Мешітке жиналған ауыздары берік мұсылмандар ақшам намазы оқылғаннан кейін бір-біріне «қабыл болсын» айтысып ауыздарын ашты. Ауызашар дастарханын жүргізген облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы Аллаһ тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім ай екеніне кеңінен тоқталды.

Шара басталар алдында облыс әкімі сөз алып, жиналған жұртшылыққа бейбіт өмір, тыныштық тіледі. Мұнан кейін мешіттің бас имамы Дайрабай қажы дұға жасады.

Ауызашар рәсіміне облыстың еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері шақырылды. Жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов пен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Махмұтбай

Әміреұлы ғибрәтлі жылы әңгімелерімен үлкендік көрсетті.

Соңында құран оқылып, ауызашар батасы берілді.