Қызылорданың «сақалды» нысанға айналған шыны зауыты құрылысының жуық арада қайта қолға алынатын түрі көрінбейді

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Бұл жайында жақында облыс басшысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүргізген тікелей эфир хабары кезінде айтылды.
None
None

Қызылорда жерінде осындай атты зауыттың құрылысы сонау 2004 жылы басталып еді. Бірақ бұл қауырт шаруаны қолға алған ағылшынның «Пилкингтон» компаниясы кейін іс барысында жергілікті билікпен ортақ мәмілеге келе алмай, өндірістік желіні Ақтөбе облысы аумағына алып кетті. Содан кейін бұл жобаға мұрындық болған іскерлер «Евразия Флуглас» деп аталатын компания құрып, басталған тірлікті жалғыстырып бағып еді, алайда, көп ұзамай кідіріс табуға мәжбүр болды. Әлгіндегі кездесуде облыс әкімінің түсіндіруінше, «Компания Шөміш стансысы маңындағы кварц құмы кенін заңдастырып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеген». Сатып алынатын құрал-жабдықтарды да белгілеп қойыпты-мыс. Әйткенмен, бүгінде «Жоба қаржы дағдарысына, құрылыс материалдарына, оның ішінде шыныға деген сұраныстың жоқтығынан тоқтап тұр». Ал зауыт іске қосылғанда кем дегенде 70 пайыздық қуаттылығымен жұмыс жасамаса, кеткен шығын ақталмайтын көрінеді. «Алдағы уақытта құрылыс материалдарына, шыныға сұраныс артса, бұл зауыт іске қосылады» болды облыс басшысының соңғы уәжі.

Соңғы жаңалықтар