Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лаос ШЫҰ-ның он бесінші диалог серіктесі атанды

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Бейжіңдегі ШЫҰ хатшылығында Лаос Халық Демократиялық Республикасына ШЫҰ диалог серіктесі мәртебесін беру туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі тілшісі ШЫҰ-ға сілтеме жасап.

Лаос стал пятнадцатым Партнером ШОС по диалогу
Фото: ШЫҰ

Меморандумға ШЫҰ атынан Бас хатшы Нұрлан Ермекбаев, ал Лаос үкіметі атынан Премьер-Министрдің орынбасары және Сыртқы істер министрі Тхонгсаван Фомвихан қол қойды.

Қол қою рәсіміне дейін ШЫҰ Бас хатшысы мен Лаос Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі арасында екіжақты кездесу өтті.

Нұрлан Ермекбаев әріптесін Лаостың ШЫҰ диалог серіктесі ретінде ресми түрде танылуымен құттықтап, Вьентьянның Ұйымның көпқырлы күн тәртібін жүзеге асыруға белсенді қатысатынына сенім білдірді. Бас хатшы сондай-ақ ШЫҰ-ның ағымдағы мәселелері мен ұйымның орталық іс-шарасы - Бішкек саммитіне дайындықты талқылады.

Лаостың сыртқы істер министрі ШЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлін жоғары бағалап, өз елінің Ұйым ішіндегі ынтымақтастықтағы маңыздылығын атап өтті.

Меморандумды жүзеге асыру бойынша алдағы бірлескен қадамдар туралы қызу пікір алмасу өтті. Тараптар сондай-ақ ШЫҰ мен АСЕАН арасындағы ынтымақтастық мәселелерін де қозғады.

Рәсімге ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Хатшылықтағы тұрақты өкілдері, Қытайда аккредиттелген ШЫҰ мүше мемлекеттерінің және ШЫҰ диалог серіктес мемлекеттерінің елшілері мен өкілдері, Лаос Сыртқы істер министрлігі мен ШЫҰ Хатшылығының лауазымды тұлғалары және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұған дейін ШЫҰ 25 жылда әлемдегі ең ірі трансөңірлік ұйымдардың біріне айналғанын хабарлаған едік.