Латвия президенті Қарағандыда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашады

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 2-4 маусым аралығында Латвия Президенті Андрис Берзиньш Қазақстанға ресми сапармен келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Сапар барысында жексенбі, 2 маусым күні саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Латвия азаматтарына арналған ескерткішті ашу жоспарланған. Ашылу салтанаты Латвия мемлекеті басшысының қатысуымен Қарағанды облысының Спасск елді мекенінде өтеді», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, сапардың ресми бөлігі 3 маусымда басталады. Сапар кезінде А.Берзиньштың Қазақстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланған.

«Латвия Президентімен бірге осы елдің іскерлік орта өкілдері бар үлкен делегация келеді. Екі ел бизнесмендерінің қатысуымен 3 және 4 маусым күндері Алматы мен Астанада бизнес-форумдар өткізіледі. Біз Латвия Президентінің ресми сапары Қазақстан мен Латвияның саяси әрі экономикалық ынтымақтастын одан әрі тереңдетуге қосымша серпін береді деп сенеміз», - деді А.Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар