Латвия Президенті қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Елбасын Ригаға сапарлап келуге шақырды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньш қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
None
None

«Біз сіздің 2006 жылғы сапарыңызды әлі күнге дейін ұмытқан жоқпыз. Мен сізді өзіңізге ыңғайлы уақытта, әсіресе 2014 жылы Рига еуропалық мәдени астана болатынын ескере отырып, Латвияға сапарлап келуге шақырамын», - деді ол.

Сонымен қатар Латвия президенті елімізге ресми сапарының 4 маусымда өтетін Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келгендігін айта келе, барша қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар