Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконг қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі. 

Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші орын алып, ел қоржынына қола медаль салған. 

Айта кетсек, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің атынан 6 спортшы бақ сынап жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жүзуден Алматыда өткен ел біріншілігінде Қазақстан рекорды жаңарғанын жазған едік. Сондай-ақ Сингапурдегі жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңінде отандастарымыз сәтті өнер көрсетіп, екі бірдей рекорд орнатты. 

Соңғы жаңалықтар