Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогында отандастарымыз екі бірдей рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Сингапурдегі жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңінде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. 

Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогында отандастарымыз екі бірдей рекорд орнатты
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде Қазақстан құрамасы екі бірдей рекорд орнатқан. 

Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде 01:07.74 көрсеткішімен жаңа рекорд тіркеді. Ал, Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты. Оның көрсеткіші – 03:47.52.

Сондай-ақ Егор Попов әлем кубогы кезеңінің финалында 200 метр қашықтықта арқамен жүзуде 5-орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін үстел теннисінен Словакияда өткен турнирде Жания Бекмұхамбетова топ жарғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар