Үстел теннисінен Словакияда өткен турнирде Жания Бекмұхамбетова топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның үстел теннисі командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Словакияның Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. 

Жания
Фото: ҰОК

Отандасымыз 11 жасқа дейінгі балалар арасында өткен спорттық бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді. Атап айтқанда, Жания турнир барысында Александра Бец (Украина), Юлия Вчелкова (Словакия), Селестина Капати (Сингапур), София Трускова (Словакия), Эмили Ву (Швейцария) және Аялгуу Эрденехуяг (Моңғолия) сынды қарсыластарын қапы қалдырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші, 19 жастағы Аружан Сағындықованың екінші рет Мысырдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар