Лифтіде пышақ жарақатын алған астаналық бала оңалтуға жатқызылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада 5 жасар баланы лифтінің ішінде психикалық ауытқуы бар жасөспірім пышақтаған еді. Бала ауруханада жедел ем алып шықты, енді оңалту орталығына жіберілмек. Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады.

Лифтіде пышақ жарақатын алған астаналық бала оңалтуға жатқызылады
Фото: freepik.com

— 2025 жылғы сәуір айында ұлттық балаларды оңалту орталығына жатқызу жоспарланды, — деген қысқа ақпарат алдық қалалық басқармадан.

Еске сала кетейік, биыл 11 ақпанда елордада жасөспірім лифті ішінде баланы пышақтап тастаған еді. Кейін белгілі болғандай пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған

Дәрігерлер зардап шеккен балаға дереу ота жасап, психологиялық көмек көрсетті

Қазір баланы пышақтаған жасөспірім психиатриялық стационарда отыр

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ержан Нұрлыбаев жасөспірімнің ортаға бейім жағдайда болғанын айтты

Сондай-ақ кейін анықталғандай лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімді жалғызбасты ана тәрбиелеп отырғаны белгілі болды

Айта кетсек, елордада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы психикалық денсаулық орталығында ұлын ұрғаны туралы полицияға шағым түсірген еді

Кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордада лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімді ұрды деген фактіге қатысты түсінік берді.

Ішкі істер министрінің орынбасары лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберу жоспарда барын айтты
Таяуда ғана лифтіде баланы пышақтаған жасөспірім ісіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жаңалықтар