Литва тарабы Вильнюс-Астана-Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынады

ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Литва тарабы Вильнюс-Астана-Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды. Аталған ұсынысты бүгін елордада Литва Республикасының Көлік және коммуникация министрі Элигис Масюлис қазақстандық әріптесі Берік Камалиевпен кездесуі барысында жасады.

Литва тарабы Вильнюс-Астана-Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынады

Қазақстан мен Литваның Орталық Азия мен Шығыс Еуропа арасын жалғайтын көпір болып отырғандығын, бұл орайда азаматтық авиация саласын дамыту қажеттігіне баса назар аударған ол: «Біздің Қазақстаннан Литваға тікелей тұрақты түрде қатынауға еш мүмкіндігіміз жоқ. Қазіргі таңда жағдай тіпті қиындап кетіп отыр. Өйткені біз Рим арқылы тікелей Алматыға қатынайтынбыз. Бүгінде олар аталған рейсті алып тастады. Осылайша эстондықтар да, латыштар да, литвалықтар да Қазақстанға қатынай алмауда. Біз сіздерге Вильнюс-Астана-Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынамыз», - деді.

Өз кезегінде Б.Камалиев әңгімелесуші тарапқа бүгінде Қазақстанның 20-дан астам жақын және алыс шет елдермен әуе қатынасын орнатқандығын атап өтті. Сонымен қатар елімізде жүзеге асырылып жатқан 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан көлік саласындағы бірқатар ірі жобалармен жан-жақты таныстырды.