Ливан астанасында ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ливан Республикасының астанасы - Бейрутте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өтуіне орай салтанатты қабылдау болып өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ-нен хабарлады.

Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өтуге орай Ливан Республикасының астанасы - Бейрут қаласының Ле Бристоль қонақ үйінде ЛР Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси, қоғамдық, бизнес орталарының, дипломатиялық миссияларының, жергілікті және аймақтық ақпарат, диаспора өкілдерінің қатысуымен салтанатты қабылдау өтті.

Жиналған мәртебелі қауым алдында сөйлеген сөзінде Елші Б.Сәрсенбаев еліміздің 21 жыл ішінде әр түрлі салаларда қол жеткізген ұлан-ғайыр жетістіктері, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу қадамдары, 2011-2012 жылдар аралығындағы ИЫҰ-ға төрағалығы, Қазақстан мен Ливан арасындағы екіжақты қарқынды қарым-қатынастары және Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қайратты да қажырлы көшбасшылық рөлі, көп векторлы саясаты туралы баяндады.

Елші Қазақстан кеңінен танымал сыртқы саяси жетістіктердің арқасында ЕҚЫҰ-ға, ШЫҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткендігін атап өтті. «Қазақстан - әлемде маңыздылығы бойынша төртінші орында тұрған ядролық қару арсеналынан өз еркімен бас тартқан мемлекет және Тәуелсіздік алған күннен бастап таратпау режимін нығайту бойынша жүйелі күш салуға шынайы беріліп отыр. Қазақстан бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық әрекеттер күні деп анықтады», - деді ол.

Аталған іс-шара барысында қонақтарға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Ж.Әубәкірованың басшылығымен қазақ ұлттық және классикалық аспаптар ұжымының концерті берілді, ағылшын тілінде Қазақстан туралы деректі фильм көрсетіліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Ливан тарапынан қабылдауға қатысқан басты ресми қонақ - Ливан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі Ғази Зайтер ливан халқының ыстық ықыласты, ізгі ниетті құттықтауларын жеткізді, Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың заманымыздың аса ірі реформаторлық тұлғасына, еліміздің жемісті даму жолы мен айрықша қоғамдық моделіне аса жоғары баға берді.

Аталған іс-шара барысында ҚР Елшілігі «Біздің миссиямыз - сынақтарды болдырмау» атты  бүкіләлемдік қолдау тауып отырған  Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасын ливан халқына кеңінен насихаттау мақсатында акция өткізді.

Аталған акция барысында қабылдауға қатысқан қонақтар Қазақстан Президентінің бастамасына ықыласпен қызығушылық танытып, осы іс-шара барысында 100-ден адам оған қолдау көрсетіп, онлайн режимде ядролық сынаққа қарсы петицияға тіркелді.

Қабылдауға қатысқандардың көпшілігі еліміздің зор болашағы бар екенін атап өтіп, халықаралық сахнадағы беделінің арта беруіне тілектестіктерін білдірді.

Сонымен қатар, Елші ливандық «NNA» ұлттық ақпарат агенттігіне және Ливанның Ұлттық телеарналарына сұхбаттар берді.

Қазақстандық қабылдау ливан жұртышылығы тарапынан қошеметпен қабылданып, үлкен мәртебеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар