Ливерпульдегі әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай әлем біріншілігінің ширек финалында үндістандық боксшы Джадумани Сингх Мандегбаммен жұдырықтасты. 

Ливерпульдегі әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты
Фото: ҰОК / Сали Сабиров

Аса жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз бұл кездесуде айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, жартылай финал жолдамасын иеленді. Осылайша әлемдік додада жүлдеге қол жеткізген боксшыларымыздың саны 10-ға жетті. 

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ливерпуль қаласындағы бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде неше боксшымыз шаршы алаңға шығатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар