Лондон-2012: А.Таңатаров ширек финалға шықты

АСТАНА. 12 тамыз.ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында боз кілемге көтерілген Ақжүрек Таңатаров қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Лондон-2012: А.Таңатаров ширек финалға шықты

1/8 финалдық белдесу біздің спортшы үшін тартысты өтті. Дегенмен Ақжүрек украиндық қарсыласы  Андрей Квиятковскийден екі кезеңде де басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Спортшымыздың келесі айналымдағы қарсыласы санаулы минуттардан кейін белгілі болады.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Лондон олимпиадасында жарыс жолына шыққан Ақжүрек Таңатаров 66 келі салмақ санатында белдеседі. 1986 жылы дүниеге келген ол Жамбыл облысының тумасы. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Астанада күрес түрлерінен өткен Олимпиадалық іріктеу жарысында А.Таңатаров күміс жүлдеге ие болып, лицензияны қанжығасына байлаған еді.