ЛОНДОН-2012: Дзюдодан Олимпиада медаліне ендігі үміткеріміз - Ержан Шынкеев пен Гүлжан Исанова

деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызетінен.
Бүгін Олимпиада турнирінде татамиге 100 келіге дейінгі салмақ санатында дзюдошылардың әлемдік және олимпиадалық рейтингінде бірінші орында тұрған, Қазақстан тарихындағы дзюдодан бірінші әлем чемпионы Максим Раков шықты.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2009 жылғы Азия чемпионы, әлем чемпионы, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Максим, бірінші белдесуін әлемдік рейтингте 30-шы тұрған әзербайжандық Эльмар Гасымовпен өткізді.
Өкінішке орай қазақстандық жанкүйлерлер спортшымыздың әзербайжандыққа 1 ұпаймен жеңіліс табуына куә болды.
Ендігі уақытта Қазақстан Олимпиада медалін Ержан Шынкеев (+100 кг) пен Гүлжан Исановадан (+78 кг) күтеді. Олар 3 тамыз күні Астана уақыты бойынша 14.30-да татамиге шығады.