23:11, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: грек-рим шебері Д.Гаджиев Олимпиада «қоласына» бір табан жақындай түсті
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиада ойындары барысында ширек финалда ұтылғанымен жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған Даниял Гаджиев Олимпиада «қоласына» бір табан жақындай түсті.

Белдесу барысында біздің палуан беларусьтық Алим Селимовпен кездесіп, 2:1 есебімен ұтты.
Еске сала кетейік, бұның алдында отандық спортшы болгариялық Христо Диянов Мариновты тізе бүктірген еді. Алайда ширек финалда ресейлік ресейлік Алан Хугаевтен жеңілген болатын.
Даниял Гаджиев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Ол Дәулет Тұрлыхановтың күрес мектебінде жаттығады. Лондон лицензиясын елордада өткен азиялық турнирде ұтып алды.