Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лондон-2012: Қазақстан құрамасының қоржыны Әділбек Ниязымбетовтің күміс медалімен толықты

 АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат  - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында жұдырықтасқан боксшымыз Әділбек Ниязымбетов финалда ресейлік Егор Мехонцевты пен Олимпиада «алтын» медалін сарапқа салып, тең түскенімен төрешілер шешімімен ұтылып қалды. Сөйтіп,  Қазақстан құрамасының қоржыны Әділбектің күміс медалімен толықты.

Лондон-2012: Қазақстан құрамасының қоржыны Әділбек Ниязымбетовтің күміс медалімен толықты

Айта кетейік, Әділбек 1/8 финалда эквадорлық  Карлос Гонгора Меркадоны, ширек финалда ирандық Эхсан Роузбаханиді, ал жартылай финалда украиндық Александр Гвоздюкті  жарыс жолынан ұтқан болатын.

Әділбек Ниязымбетов  Бакуде бокстан болған Әлем чемпионатында Қазақстан үшін бірінші олимпиадалық жолдаманы таза нокаут арқылы ұтып алған еді. 21 жастағы ақтаулық боксшы еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2007 жылы өткен халықаралық турнирде, 2008 жылы республикалық турнирде, осы жылы «Азов теңізі кубогі» халықаралық сайысында, 2009 жылы «Жібек жолы» халықаралық турнирінде 1-ші орынды иеленген.