Лондон-2012: Таймураз іріктеу сынында-ақ тайып жығылды
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон олимпиадасында бүгін боз кілемге көтерілген еркін күрес шеберіміз Таймураз Тигиев іріктеу сынында ресейлік Абдусалам Гадисевпен күресті.
Алғашқы кезеңде бір-біріне барынша қарсылық көрсеткен палуандар белдесуді 1:1 ұпаймен тең аяқтаған болатын. Дегенмен екінші кезеңде 1 ұпай еншілеген орыс спортшысы Таймуразды жарыс жолынан тайдырды. 96 келі салмақ санатында белдесетін бұл спортшымыз 1982 жылы дүниеге келген. Еңбек сіңірген спорт шебері Батыс Қазақстан облысы атынан өнер көрсетеді. Ол 2008 жылы Бейжің олимпидасында күміс медаль еншілеген болатын.