Лондон Олимпиадасында тарихта ізі қалатындай жарқын оқиғалар күтіп тұр

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
12 тамыз күні аяқталатын әлемдегі ең орасан зор жарысқа әлемнің 205 елінің 10,5 мың спортшысы қатысып, олар 302 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды. Ал олимпиада жарыстарын 28 мыңнан астам британдық және шетелдік журналистер таратады.
Бүгін кешке Олимпиадаға қатысушылар мен көрермендерге ұйымдастырушылар «Таңғажайып аралы» деп аталатын 2012 жылғы ойындардың ашылу салтанатына арналған шоуды паш етеді.
Стадионда өтетін «тарихи шеру» барысында 1948 жылы Кариб бассейніне қотарыла көшкен ең ірі иммиграция толқынына, британ әйелдерінің құқықтары үшін күресіне, 1936 жылғы жұмысшылардың кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсылығына арналған үзінділер көрсетіледі. Жалпы құны 42 млн. долларға бағаланып отырған шоу барысында жасанды жаңбыр себелеп, 23 тонналық қоңырау қағылады. Үш сағатқа созылатын «Таңғажайып аралы» шоуының жабылуында танымал «битлз» Пол Маккартни "Hey Jude" әнін шырқайды.