Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары мемлекеттік наградалармен марапатталды

       АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Лондон Олимпиадасына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХ жазғы ойындар жеңімпаздарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Атап айтқанда, былғары қолғап шебері Серік Сәпиев, велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлет Илья Ильин «Отан» орденімен,  зілтеміршілер  Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло,  Майя Манеза және жеңіл атлет Ольга Рыпакова ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен,  палуан Даниял Гаджиев, боксшылар Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Марина Вольнова, палуан Гузель Манюрова, еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Мемлекет басшысы қолынан «Парасат» орденін алды.