Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лондондағы XIV Паралимпиадалық ойындарда Қазақстан намысын жүзушілер, жеңіл атлеттер және пауэрлифтингшілер қорғайды

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Лондонда 2012 жылғы 29 тамыздан 9 қыркүйекке дейін XIV Паралимпиадалық ойындар өтеді. Оған 165 елден 4 200 спортшы қатысады.

Лондондағы XIV Паралимпиадалық ойындарда Қазақстан намысын жүзушілер, жеңіл атлеттер және пауэрлифтингшілер қорғайды

Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиадалық ойындарға лицензияларды Қазақстанның мүгедектері спортының 7 өкілі жеңіп алды - бұл республиканың паралимпиадалық спортының бүкіл тарихындағы бұрын болмаған рекордтық сан.

Лондондағы XIV Паралимпиадалық ойындарда Қазақстан намысын Әнуар Ахметов (жүзу), Ислам Сәлімов (жеңіл атлетика), Айнұр Байділдаева (жеңіл атлетика), Сергей Харламов (жеңіл атлетика), Зүлфия Ғабидуллина (жүзу), Айбек Әбжан (пауэрлифтинг), Қабира Асқарова (пауэрлифтинг) қорғайды, деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметінен.

2012 жылдың 20 тамызында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратының № 810 мәжіліс залында партия хатшысы Ерлан Каринның Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесуі болып өтеді. Спортшылардан басқа кездесуге құраманың жаттықтырушылар құрамы, Штаттық ұлттық командалар дирекциясының, Қазақстан Республикасы спорт және денешынықтыру істері агенттігінің өкілдері қатысады.