LRT құрылысына байланысты Астананың екі жол учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM – Астана әкімдігі LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына байланысты жолдардың екі учаскесінде қозғалыс шектелетіні туралы ескертті.

— Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Оқжетпес көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде Ш. Бөкеев көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді, — делінген хабарламада.
Осыған байланысты, 20 мен 30 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
— Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген Астана әкімдігі хабарламасында.
Айта кетелік Астанада 20 сәуірден бастап орталық көшелердің бірі 5 айға жабылады.