Астанада ертеңнен бастап орталық көшелердің бірі 5 айға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес орталық көшелердің бірі 5 айға жабылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Астана, транспорт, көлік
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарланып отыр. 

— 22 сәуір сағат 22:00–ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін, автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.

Астанада ертеңнен бастап орталық көшелердің бірі 5 айға жабылады
Фото: Астана әкімдігі
Астанада ертеңнен бастап орталық көшелердің бірі 5 айға жабылады
Фото: Астана әкімдігі

— Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетелік Астанада Гауһартас көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар