Луврдағы атышулы ұрлыққа байланысты жаңа мәліметтер пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — BFMTV француз телеарнасы тергеу есептеріне сілтеме жасай отырып, Луврдағы тонау оқиғасы туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Луврдағы атышулы ұрлыққа байланысты жаңа мәліметтер пайда болды
Фото: Pixabay

Қазан айында Луврдан 8 мыңнан астам гауһар тас пен 200 інжу-маржан ұрланған. 

— Сол кезде тонаушылар 8 зергерлік бұйым безендірілген барлығы 8 482 гауһар тас, 35 зүбаржат, 34 сапфир және 212 інжу-маржан ұрлаған, - делінген хабарламада.

19 қазанда белгісіз біреулер жұмысшы киімін киіп, Луврға жүк көтергішпен кіріп, бірнеше минут ішінде Наполеонның коллекциясынан 88 миллион еуроға бағаланған зергерлік бұйымдарды, соның ішінде алқа, брошь және диадеманы қолды еткен. 

Олар ұрланған Лувр зергерлік бұйымдарының кейбірін базарда сатуға тырысқан. 

Лувр мұражайының 2026 жылдың соңына дейін 100 бейнекамера орнату жоспары туралы осы жерден оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар