Лужков Мәскеу үшін Қазақстаннан 300 мың тонна астық сұрады

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Мәскеу үкіметі Қазақстанға ресми хат жолдап, Ресей елордасына 100 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін астық жеткізуді өтінді. Бұл туралы тамыздың 19-ында Мәскеудің азық-түлік ресурстары департаменті бастығының бірінші орынбасары Виктор Ольховой мәлім етті, деп хабарлады «Ведомости» басылымы.
None
None

«Біз Қазақстанға ресми өтініш жасап, Мәскеуге 300 мың тоннадай астық жеткізуді сұрадық. Бірақ біз оны арзандау жерден сатып алатын боламыз», деді Ольховой.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман, Мәскеу мэрі Лужковтан осындай өтініш түскенін қуаттады. «Оған қоса, менің білуімше, тағы бірқатар ресейлік кәсіпкерлер осындай өтініш жасап отыр, бірақ Ресей Федерациясының ресми өкіметінен ештеңе түскен жоқ», - деді Е.Аман мырза.

Министрлік өкілі, сондай-ақ Қазақстанның Ресейге астық экспорттауға мүдделі екенін атап көрсетті. Осының алдында ғана министрлік, ағымдағы маусымда 8 миллион тонна астық экспортталатынын, оның 4 миллион тоннасы - Орталық Азия елдеріне және Ауғанстанға, 2 миллионы - Кавказ елдеріне жөнелтілсе, тағы 2 миллион тоннасын - Ресей, Иран және басқа да елдер алатынын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар