Ляньюньган теңіз портынан шыққан тұрақты контейнерлік пойыз Алматыға келді

Бұған дейін белгілі болғандай, Ляньюньган - Алматы бағдарындағы тұрақты контейнерлік пойыз Цзянсу провинциясынан биылғы жылғы ақпанның 25-інен бастап шыға бастаған болатын. Жобаны іске қосуға екі елдің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин қатысса, оның делегациясы құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин де болды.
Аталмыш мерзімде осы бағдармен жиырмадан астам контейнерлік пойыз экспорттық және транзиттік жүктермен өткізілді. Жүктердің қатарында құрылыс материалдары, азық-түлік, электроника, химиялық өнімдер бар.
Қазақстан үшін Ляньюньган порты елдің транзиттік көліктік әлеуетін тиімді дамытатын шетелдегі стратегиялық желінің бірі болып табылады.
Бұл жоба «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» бағдарламасы мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының бір бөлшегі болып саналады.
Биылғы жылы сәуірде бірлескен Ляньюньган портынан Алматы бағдарына аптасына үш контейнерлік пойыз шығару көзделіп отыр. 2015 жылдың аяғына дейін Ляньюньган-Алматы контейнерлік пойызы жүзеге жетеді деген болжам бар.
Қазақстан мен Қытай теміржолшылары қосымша жүк ағындарын тарту мен тасымал көлемін арттыру мақсатында бір реттік теміржол тарифы жеңілдігін ұсынбақ. Болашақта контейнерлік пойыздар аясы кеңейіп Орталық Азия елдері мен Кавказ, Түркия, Иран, Оңтүстік Еуропа елдеріне Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалды ұлғайтатын болады.