Люксембург Премьер-Министрі ҚР Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельден құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Люксембург Премьер-Министрі ҚР Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ксавье Беттель Люксембург Ұлы Герцогтігі Үкіметінің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Сізбен және Сіздің Үкіметпен бірлескен жұмысты жалғастыра беретініме қуаныштымын. Өзара мүдделестік танытқан екіжақты мәселелерді менің Астанаға мамыр айында болатын сапарым кезінде Сізбен талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін», - делінген жеделхатта.

Люксембург Премьер-Министрі Қазақстан Президентіне жауапты лауазымдағы жұмысына табыс тіледі.