М.Ахмадинежадқа «ЕҰУ-дің құрметті профессоры» атағы берілмек

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад ертең, сәуірдің 7-сі күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездеседі,

М.Ахмадинежадқа «ЕҰУ-дің құрметті профессоры» атағы берілмек
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу аясында Иран елінің басшысы университеттің оқытушылары мен студенттері алдында сөз сөйлейді. Осыдан кейін мәртебелі мейманға «Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» атағы берілгені туралы диплом тапсырылады деп күтілуде.