М. Бәйімбетов жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып тағайындалды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

 М. Бәйімбетов жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып тағайындалды - Қызылорда облысы

 Бұл  қызметке Марат Серікбайұлы Бәйімбетов бекітілді.

Марат Бәйімбетов бұған дейін осы басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. Ол 1967 жылы Шиелі ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және «Болашақ» университетін бітірген. Әр жылдары облыс әкімдігінің бас маманы, ҚР Орталық сайлау комиссиясының Қызылорда облысындағы кеңесші-өкілі, Шиелі аудандық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары болған. 2007 жылдан бері аталмыш басқарма бастығының орынбасары болып келген.