ІІМ-де бірқатар кадрлық тағайындау жүзеге асырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Жоспарлы ротация тәртібімен Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, Президент Әкімшілігімен келісу арқылы Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді. 

ІІМ-де бірқатар кадрлық тағайындау жүзеге асырылды
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрі Ержан Саденов аталған ротация басшылық құрам арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көліктегі полиция департаментін басқарған.

Полиция генерал-майоры Мұрат Кабденов Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметінен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып ауысты.

Полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Полиция полковнигі Абай Жүсіпов Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына ауысты.

Полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Оңал Бекиев ІІМ Аппаратының басшысы қызметінен Атырау облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар