ІІМ дроперлік әрекеттерге қатысты тұрғындарға ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Дропперлік — қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл — үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы, деп хабарлады ҚР ІІМ бапасөз қызметі.

дроперлік
Фото: ІІМ

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтар азаматтарды алдап, «жеңіл табыс» ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.

Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді.

Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;

жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;

шоттағы қаражатты толық бұғаттау;

материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;

азаматты банктің уқара тізімінеу енгізу.

Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!

Осыған дейін Мәжіліс депутаттары заң қабылдап, онда адвокаттың құқықтары кеңейтіліп, «дроперлік» үшін қылмыстық жауаптылық енгізілгені туралы жаздық.