Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ІІМ «Қауіпсіз үй» іс-шарасы кезінде 42 адам дағдарыс орталықтарына орналастырылды

АСТАНА. KAZINFORM - ІІМ «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Негізгі міндет – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қою емес, ең алдымен адамдарды қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету.

Бұл жұмыста полиция, жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салалары, дағдарыс орталықтары, психологтар мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп жұмыс атқарды.

Жұмыс барысында 300-ге жуық қиын өмірлік жағдайдағы отбасы анықталды.

Жалпы 1 379 азамат мемлекеттік қолдауға ие болды. Оларға құқықтық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілді. 42 адам дағдарыс орталықтарына, тағы 37 адам отбасын қолдау орталықтарына уақытша орналастырылды.

-Алайда бұл сандардың артында – нақты адам, нақты отбасы және нақты тағдыр тұр. Сондықтан біздің мақсатымыз – мәселені тіркеп, кінәлі адамды жазалау ғана емес. Ең маңыздысы – қауіпті дер кезінде анықтап, жәбірленушіні қорғау, қажетті көмек көрсету және зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыс күн сайын жалғасады,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдерге көмек көрсететін 61 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.