М. Тәжин діндер басшыларының ІІІ съезіне қатысушылармен екіжақты кездесулер өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы Еуропалық бөлімінің Бас директоры Сергей Орджоникидземен болған кездесуде БҰҰ аясындағы біздің еліміздің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланған.
«С. Орджоникидзе қазақстандық сыртқы саяси бастамалардың маңыздылығын атап көрсетті. Оның көзқарасынша Қазақстанның мұндай бастамалары жаһандық қауіпсіздік жүйесін дамытуда салмақты үлес болып табылады және өркениеттер диалогындағы әрекет ететін механизмдер болып саналады», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесінің төрағасы Олабий Бабалола Жозеф Яймен болған кездесу барысында қазақстандық тараптың бастамасымен ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған «2010 жылы Мәдениеттердің жақындасуы мен халықаралық жылын» өткізуге дайындық барысы қаралды. АҚШ-тың дін басшыларымен тұрақты диалогты орнату тақырыбы М. Тәжиннің Американың Христиандық шіркеу одағының президенті Леонид Кишковскимен болған кездесуде талқыланды. Л. Кишковски конфессияаралық саладағы диалог алаңы бола алатын Қазақстан елордасында өтіп жатқан форумның көкейкестілігін атап өтті.
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері М. Тәжиннің Иран Президентінің кеңесшісі, Иранның мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының директоры Сейед Мехди Моставафимен болған кездесуде әңгіме өзегіне айналды.