Мәдени достық көпірі: Қазақстанның әскери музыканттары қатарлықтардың жүрегін жаулады

АСТАНА. KAZINFORM — Қатар БАҚ-тары қазақстандық музыканттардың Қатардың танымал патриоттық әнін орындауын мәдени гармонияның айқын көрінісі деп атады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.

ҚР Қарулы күштері әскери музыканттары Қатар тұрғындарының жүрегін жаулады
Фото: Qatar Tribune

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі Қатарда өткен I халықаралық әскери музыка және марштар фестиваліне қатысты.

Арнайы орындауда музыканттар Қатардың танымал композициясы Lel Ulla Ya Watani әнін шебер орындады.

— Дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен оркестр фестивальге қатысу арқылы алғысын білдіріп, көрермендерді әсерлі орындауларымен тәнті етті, — деп жазды Қатар БАҚ-тары.

Жергілікті ақпарат көздері хабарлағандай, қазақстандық бағдарлама музыкалық әртүрлілігімен, сондай-ақ әскери шеру мен дәл ұйымдастырылған құрылымдарымен есте қалды. Бұл орындаушылардың тәртібі мен кәсіби шеберлігін көрсетті.

— Дәстүрлі және заманауи элементтерді біріктіре отырып, бұл орындау әскери музыканың мәдени және көркемдік рөлін халықтар арасындағы диалогты, өзара түсіністікті және байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын көрсетеді, — деп атап өтті Қатар ақпарат көздері.

Бұдан бұрын Қатарда қазақстандық мұнайшыларға сұраныс артуы мүмкін екенін жазған едік.

Сонымен қатар Қатарда Қазақстан азаматтарына жұмысқа орналасу жеңілдейтіні анықталды.

Соңғы жаңалықтар