Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ерлан Дәкенов Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Дәкенов
Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Дәкенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. 

1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.

2000–2008 жылдары – «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.

2008–2012 жылдары – Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор - аға маманы.

2012–2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.

2016–2019 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.

2019–2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

2025 жылдың 15 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды.