Мәдениет министрлігі «Қазақфильмге» қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты «Қазақфильмнің» бұдан былайғы тағдырына қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақфильм
Фото: Almaty tv

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды», — делінген хабарламада. 

Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.

Бұған дейін Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар