Мадридте Қазақстан сыртқы саясатының негізгі басымдықтары аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі мен «Diplomacia Siglo XXI» журналы Мадридтегі Еуропалық комиссия өкілдігінің қолдауымен «Қазақстан және ЕО ынтымақтастығының басымдықтары мен келешегі» атты конференция өткізді. Шараға беделді қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар мен түрлі компаниялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.
None
None

Конференция аясында Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Қазақстандағы инвестициялық ахуал, қазақстандық-испандық екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Шара барысында сөз алған Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын айтып берді. Сонымен қатар 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімнің маңыздылығына тоқталды.
Елші 2017-2018 жылдарғы кезеңге Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртесін алуға берген өтінімінің басымдықтарын тарқата айтып, Испания тарабына еліміздің кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі екі елдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беретіндігін атап өтті.
Сондай-ақ Б.Дүйсенбаев Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ бастамасымен Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру, БҰҰ-ның халықаралық лаңкестік пен экстремизммен күрес жөніндегі жалпықамтымды конвенциясын қабылдау ұсыныстарын айтып, бұл идеяны жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Конференция кезінде сөз алған испандық серіктестер еліміздегі саяси тұрақтылықты, инвестициялық ахуалдың қолайлы екендігін, діни және ұлтаралық татулықтың мығым екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар