Мадридте «ҚР ЕҚЫҰ-ға және Испанияның ЕО-ға төрағалығы» атты дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Мадридте ҚР Елшілігі мен Испанияның «Альтернативтер» қорының бірлесуімен «ҚР ЕҚЫҰ-ға және Испанияның ЕО-ға төрағалығы: нәтижелер, түйісу нүктелері және бағалар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып,
None
None

оған испандық саяси сарапшылар, парламентшілер, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығы.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында екі елдің төрағалығының негізгі нәтижелері туралы бірнеше баяндамалар оқылды. Қатысушылар ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында өзара түсіністіктің деңгейін көтеру мен келісім іздеудегі қазақстандық басшылықтың күш-жігерін, сондай-ақ ЕҚЫҰ саммитін Астанада ұйымдастыруға бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын атап өтті.

Жиналған қауымның назарын аударған маңызды мәселелер қатарында Қырғызстандағы оқиғалар болды.

Өз кезегінде елші Ерғали Бөлегенов дөңгелек үстел қатысушыларын Қырғызстандағы дағдарысты реттеудегі Астананың ұстанымы туралы ақпараттандырып, аудиторияны Қазақстан мен Еуропалық Одаққа төрағалық етіп отырған Испанияның арасында осы мәселе бойынша тығыз үйлестірушіліктің бар екеніне назар аудартты.

Соңғы жаңалықтар