Мадридте ҚР Елшілігі Қазақстан Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды
деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Шара барысында баяндамашылар еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларының құқықтық негіздерін қалауда, мемлекеттің демократиялық ұстанымдары мен азаматтық қоғамды қалыптастыруда Негізгі заңның зор маңызын атап өтті. Испандық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Конституциясы дамыған елдердің құқықтық кеңістігіндегі көптеген ілгерішіл нормалар мен қағидаларды бойына жинақтаған, әлемдік стандарттарға, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының ережелеріне және басқа да халықаралық актілерге сәйкес келеді.
Мерекелік шаралар барысында сондай-ақ үстел теннисінен турнир өткізілді және қазақтың ұлттық тағамдарынан мерекелік қонағасы берілді.
Сондай-ақ қазақстандық қоғамның басты қырларын - дінаралық және ұлысаралық келісімді, саясат, экономика және спорт саласындағы жетістіктерді бейнелеген фотосуреттер көрмесінің таныстырылымы болды. Кітап көрмесіне елдің Негізгі заңы - Қазақстан Конституциясымен қатар, «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, Қазақстан туралы бірқатар кітаптар, журналдар қойылды.