Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мадуроның АҚШ-тағы соты 2027 жылдың маусымында өтетін болды

АСТАНА.KAZINFORM - Венесуэланың биліктен шеттетілген президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флорестің соты 2027 жылдың 1 маусымында басталады. Америкалық судья бұл шешімді сәрсенбі күні шығарды, деп хабарлайды Синьхуа.

Николас Мадуро
Фото: peoplesdispatch.org

Мадуро мен оның әйелі 2026 жылдың қаңтарында АҚШ күштері жүргізген операция кезінде күштеп ұсталғаннан кейін Нью-Йорк қаласында түрмеде отыр.

Олар есірткі мен атыс қаруын сатуға қатысты тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады.

Айта кетейік, Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроға қатысты АҚШ-та соттан тыс кісі өлтірулерге байланысты азаматтық талап-арыз берілді.

Венесуэлада Мадуроның күзетіне жауапты әскери қызметкер отставкаға кетті.

Швейцарияның Федералдық кеңесі Мадуроның активтерін бұғаттады.

Делси Родригес 2026 жылдың 5 қаңтарынан бері Венесуэла президентінің міндетін атқарып келеді.