Махмұд Сабырхан Азиаданың қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
2 дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/2 финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Карло Пааламмен өзара мықтыны анықтады. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен айқаста 2:3 есебімен жеңіс қарсыласқа кетті.
Алда әлі Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.
Осыған дейін бокстан қыздар арасында Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова қола жүлдегер атанған болатын.