Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алуа Балқыбекова
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.

Алда әлі Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.

Осыған дейін 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан 30 қыркүйекте жартылай финалда төрт боксшы шаршы алаңға шығатынын жаздық.