Махсудхан Аблазимов Қызылорда облысы полиция департаментін басқарады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысы ПД бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Polisia.kz мәліметінше, ішкі істер органдарында болған кадрлық өзгерістерге байланысты бүгін Қызылорда облысының активі өтті.

ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге ПД-нің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.

Махсудхан Нұғманұлы 1962 жылы туған.

1990 жылы инженер мамандығы бойыша Қазақ политехникалық институтын бітірген, 2001 жылы – заңгер мамандығы бойынша Орта-Азия университетін тәмамдаған.

Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1981 жылы бастаған.

Жауапты басшылық қызметтерде болған. 2016 жылдан бастап БҚО ПД бастығының қызметін абыроймен атқарған.


Соңғы жаңалықтар