Малайзия компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салуға әзір - А.Тахир (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Малайзия компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласына 50 млн. АҚШ долларын инвестициялауға әзір. Бұл туралы Алматыда өткен кездесу барысында малайзиялық Teknologram компаниясының басшысы Ахмад Дауми Тахир айтты.

Малайзия компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салуға әзір - А.Тахир (ФОТО)

«Бахрейн елінде мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды ашу үшін 15 млн. доллар қаржы салдық. Қазақстанның мол мүмкіндігін ескере отырып, жобалар жүзеге асатын болса, инвестиция көлемі 50 млн. доллар болуы мүмкін», - деді А.Тахир.

Ол сондай-ақ, Малайзиялық делегацияның Қазақстанның потенциалды нарығын бағамдау үшін әрі мұнай-газ нарығында техникалық серіктестікті нығайту үшін Қазақстанға сапарлап келгенін жеткізді.

«Мұнай-газ өндірісі саласында Қазақстан мен Малайзия арасында іргелі ынтымақтастықты орнатамыз деген үмітіміз бар. Бизнес әріптестікті дамыта отырып екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты ды нығайтпақпыз», - деді А.Тахир.